Шикізаттан тыс өсімге бет бұрды

25.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Экономикалық өсімнің негізгі үлесі өңдеу өнеркәсібі, құрылыс саласы, көлік-логистика кешені есебінен қамтамасыз етілді.

Маңғыстау облысының өнер­кәсіп кәсіпорындары жыл басы­нан бері 2,1 трлн теңгеге өнім өндіріп, 3,6% нақты өсім көрсетті. Өнеркәсіп өндірісінің құрылы­мында негізгі өзгерістер байқа­лып отыр: дәстүрлі өндіруші салалармен қатар өңдеу өнеркә­сібі озық өсім қарқынын көрсет­ті. Биылғы қаңтар-маусым айларында өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 39%-ға артып, 186 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіштер шикізаттық емес сектордың дәйекті түрде кеңейіп келе жатқанын, қосылған құны жоғары өнім өндірісінің артып отырғанын айқын көрсетеді. Оң серпін инвестиция саласында да сақталып отыр. Алты айдың қорытындысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі шамамен 500 млрд теңгені құрады.

Өнеркәсіптік және көлік инфрақұрылымының дамуы өңірдің құрылыс кешенінің қарқынды жұмысына серпін беріп жатыр. Нәтижесінде, орындалған құрылыс жұмысының көлемі 11,8%-ға өсіп, 178,3 млрд теңгені құрады. Өңірде тұрғын үй құрылысы да қарқынды. Жыл басынан бері 275 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6% жоғары. Тұрғын үй қорының ұлғаюы халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, қалалық инфрақұрылымның одан әрі дамуына ықпал етіп жатыр.

Маңғыстау облысының қолайлы географиялық жағдайы және теңіз порттарының болуы оның транзиттік тасымалдарды дамытудағы ерекше рөлін айқындайды. Теңіз бен құрлық дәліздері арқылы жүк тасымалы көлемінің ұлғаюы нәтижесінде көлік қызметтері 8,5%-ға өсіп, 272,6 млрд теңгені құрады. Порт инфрақұрылымының жүкте­месін одан әрі арттыру, Транс­каспий халықаралық көлік бағы­тын дамыту және теміржол, автомобиль мен теңіз тасымалдары арасындағы байланыстарды нығайту айрықша маңызға ие.

Ішкі саудада да оң көрсет­кіштер байқалды. Оның айналы­мы 500 млрд теңгеге жетіп, нақты мәнде 3,3% өсті. Ауыл шаруа­шылығының жалпы өні­мінің көлемі 17,8 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың бірінші жарты­жылдығымен салыстырғанда көрсеткіш 1,9% ұлғайды.

Экономиканың дамуы жұмыс­пен қамту мен халық табы­сының өсуімен қатар жүреді. Жыл басынан бері Маңғыс­тау облысында 9 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Оның 3 780-і тұрақты, тағы 5 367-сі уақытша.

Бірінші тоқсанның қорытын­дысында жұмыссыздық деңгейі бір жыл бұрынғы 5,1%-ға қара­ғанда 5%-ға дейін төмендеді. Орта­ша айлық жалақы 6,2%-ға ар­тып, 660 мың теңгеге жуықта­ды. Былтыр осы кезеңде шамамен 622 мың теңгені құраған еді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью