Шілдебаевтың шығармашылық кеші

01.04.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Елордадағы Роза Бағланова атын­дағы «Қазақконцерт» мем­ле­­кет­тік академиялық кон­церт­тік ұйымында белгілі композитор Қуат Шілдебаевтың «Отан Ана» атты шығармашылық кеші өтті.

Талантты композитордың есімі елімізге ғана емес, шет мемлекеттерге де жақсы таныс. Оның музыкасында ұлттық пен заманауи нақыш әдемі үйлесім тапқан.   Бүгінге дейін дарынды өнер иесі қаншама симфониялық, камералық және хорға арналған тамаша туынды жазды. Халық аспаптарына арналған бірнеше күйі де бар.  Сондай-ақ оның шығармалары  «Отырардың күйреуі», «Қош, Гүлсары», «Балалық шағымның аспаны», «Шал» секілді фильмдерде пайдаланылған.

Былтыр АҚШ-та «Global Music Partnership Press» баспасы ком­пози­тордың жеке скрипка мен ішекті
ансамбльге арналған «Қаракемер» күйін жарыққа шығарды. Осылайша, композитор шығармасы америкалық баспада басылған еліміздің алғашқы өкілі атанды.  Бұл оның өміріндегі халықаралық деңгейде танылуындағы маңызды кезеңге айналды. Сонымен қатар «Қаракемер» күйі Қазақстанның Нью-Йорктегі Бас консулдығының қолдауымен Нью-Йорк қоғамдық кітапха­насының қорына енгізілді. Туын­дының премьерасы Гарвард уни­вер­ситетінде, Бостондағы Бей­нелеу өнері музейінде өтті.

Бас шаһарда дүркіреп өткен кеш – Қуат Шілдебаевтың алғашқы шы­ғар­машылық кеші. Концертке халық көп жиналды. Композитор шы­ғар­малары  «Saz&Soul» тобы мен «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен орындалды. Бағдарлама аясында кеш иесінің  «Қайран көңіл», «Сағым дүние», «Отан Ана», «Жан Ана», «Кешір мені», «Аманат», «Аялаған арман-ай», «Сәуле» әндері және танымал кино­фильмдерден алынған музыкалық туын­дылары тыңдарманды тәнті етті. Оны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ардақ Балажанова, Ренат Ғайсин, Дильназ Ахмадиева, Дәурен Серғазин, Жанар Доғалова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Анна Уварова, талантты әншілер Қайрат Баекенов, Марсель, Шаба Әденқұлқызы, дарынды қобызшы Олжас Құрманбек, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Ербол Тәжібаев, Дидар Әбдухалық, Нұрай Шеру, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, Гаухар Өмірзақова, Ақмаржан Құрманбек секіл­ді өнерпаздар нақышына келтіріп шырқады.

Соңғы жаңалықтар

Қор нарығында доллар арзандады

Қаржы • Бүгін, 09:28

Көктемгі дала жұмысы қарқын алды

Шаруашылық • Бүгін, 09:10

Қаладан ауылға бетбұрыс

Ауыл • Бүгін, 09:05

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Таңдайдан кетпес ұлт дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:58

Қолжетімді сапалы дерек

Digital • Бүгін, 08:55

Саладағы цифрлық серпін

Білім • Бүгін, 08:53

Логопед таппаған ата-ана, маманға зәру мектеп

Білім • Бүгін, 08:50

Пластик қалдығы пайдаға жарады

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Қалқанша безі түйіндерін емдеудің тың тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Жанға жайлы жатақхана

Аймақтар • Бүгін, 08:43

Шынайы өнер шеруі

Театр • Бүгін, 08:40

Терең тағылым

Руханият • Бүгін, 08:38

Шипа іздеп шетел асудың қажеті жоқ

Медицина • Бүгін, 08:35

«Наршаның сөзі – баршаның сөзі»

Руханият • Бүгін, 08:32

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью