Шілдеден бастап ипотека шарттары қатаңдайды

24.04.2026

7kun.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Meta компаниясы жасанды интеллектке бағытталған ірі инвестициялар аясында шамамен 8 мың қызметкерін қысқартатынын мәлімдеді.
Бұл – компания штатының шамамен 10%-ы. Ақпаратты BBC таратты. Facebook, Instagram және WhatsApp платформаларына иелік ететін компания бұл шешімді жасанды интеллект технологияларына жұмсалатын шығындардың күрт өсуімен түсіндірген. Биыл Meta осы бағытқа шамамен 135 млрд доллар инвестиция құюды жоспарлап отыр.

Компания қызметкерлеріне қысқарту туралы алдын ала хабар берілген. Сонымен қатар бұрын ашылған мыңдаған бос жұмыс орындарына жаңа қызметкерлер қабылдау да тоқтатылған.

Meta бас директоры Марк Цукерберг бұған дейін ЖИ технологиялары еңбек өнімділігін арттырғанын атап өткен. Оның айтуынша, енді бір қызметкер бұрын бірнеше адамның атқаратын жұмысын орындай алады.

Соңғы жылдары Meta жасанды интеллект бағытындағы бәсекеде өз позициясын күшейтуге тырысып, жаңа модельдер мен цифрлық құралдарды дамытуға басымдық беріп келеді. Бұл мақсатта компания ішкі процестерді де қайта қарап, кейбір қызметкерлердің жұмысын автоматтандыруға көшуде.

Айта кетейік, технологиялық секторда мұндай үрдіс кең таралған. Бұған дейін Amazon, Oracle, Block, Snap және Microsoft компаниялары да жасанды интеллектке инвестициялардың артуына байланысты қызметкерлер санын қысқартқан.

Сарапшылардың пікірінше, ЖИ-дің дамуы алдағы жылдары еңбек нарығына елеулі өзгеріс әкеліп, көптеген салаларда жұмыс форматын түбегейлі қайта қалыптастыруы мүмкін.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью