Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Қазақстаннан небәрі 20 күнде 112 тоннадан астам жанар-жағармай заңсыз шығарылмақ болған, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Осы жылдың 1-21 шілдесі аралығында өткізу пункттерінде 112 тоннадан астам көлемдегі жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 1342 әрекеті тіркелген.
Кінәлі адамдар жауапқа тартылды. Бұл әрекеттер елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жанар-жағар май көлеңкелі айналымына жол бермеуге бағытталған, дейді Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер.
Осыдан бір ай бұрын Олжас Бектенов шекарадағы бақылауды күшейтіп, жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.
Өткен аптада шетелдіктер 2 тоннадан астам дизель отынын Қазақстаннан жасырын әкетпек болған. Кінәлі Қытай азаматтары жауапкершілікке тартылып, олардың әрқайсысына 32 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.