ШОБ тан түсетін ҚҚС ты ауылдық округтер бюджетіне беру орынсыз Үкімет басшысы

19.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

- 2020-2025 жылдар аралығында шағын және орта бизнес субъектілерінен түсетін корпоративтік табыс салығын (бұдан әрі – ШОБ-тан түсетін КТС) қоса алғанда, салықтық және салықтық емес 6 төлем республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттер деңгейіне берілді. Аталған кезеңде жергілікті бюджеттерге ШОБ-тан шамамен 6761,5 млрд теңге КТС түсті. Сонымен қатар ШОБ-тан түсетін корпороативтік табыс салығының бір бөлігін ауылдық округтер деңгейіне беру әкімдер аппараттарының кірістерінің нақты шығыстарға сұранысынан едәуір асып кетуіне әкеп соғады және олардың функциялары мен өкілеттіктерін кеңейтуді қажет етеді,- деді Үкімет басшысы.

Оның пайымынша, дәл қазіргі кезде ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мұндай міндеттемелерді тиімді орындауы үшін жеткілікті институционалдық және кадрлық әзірлігі жоқ.

- Шағын және орта бизнес субъектілерінен түсетін қосылған құн салығын беруге қатысты, ҚҚС-ты қайтаруға байланысты елеулі фискалдық тәуекелдердің бар екенін атап өтеміз. Бұл жекелеген өңірлер бойынша теріс сальдоға әкелуі мүмкін және Бюджет кодексінде бекітілген бюджетаралық қатынастар қағидаттарына қайшы келеді. Осыған байланысты шағын және орта бизнес субъектілерінен түсетін ішкі өндіріс тауарларына салынатын ҚҚС-ны беру туралы ұсыныс орынсыз деп санаймыз, - деді Олжас Бектенов.

Бұған дейін ауылдық округтердің бюджетіне жекелеген салық түсімдерін беру мәселесі пысықталып жатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью