Шомылу маусымына дайын: Алакөл жағалауында инфрақұрылым жұмыстары толық аяқталды

17.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Фото: Ашық дереккөз

Биыл жағалау аумағына 470 контейнер, 50 торлы контейнер, 100 қоқыс жәшігі және 100 пластик контейнер орнатылды. Сондай-ақ туристердің жайлылығы үшін 44 киім ауыстыру кабинасы мен 24 модульді әжетхана пайдалануға берілді.

Қосымша резерв ретінде 45 биодәретхана дайындалды. Олар демалушылар санына байланысты жағалаудың ең көп келетін аумақтарына кезең-кезеңімен орналастырылады.

Қауіпсіздік шаралары да күшейтілді. Жағалау бойына 40 құтқару мұнарасы қойылып, судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 13 шақырымдық қалқыма белгі желісі тартылды және 7 пирс жабдықталды.

Алакөл шомылу маусымына дайын: Жағалауды енді дрондар бақылайды

Туристердің аумақта еркін жүріп-тұруы мақсатында 14 бағыттаушы көрсеткіш пен 38 ақпараттық тақта орнатылды. Бұл демалушыларға қажетті нысандарды оңай табуға және қауіпсіздік талаптарымен жедел танысуға мүмкіндік береді.

Инфрақұрылым нысандарын орналастыру және орнату бойынша жоспарланған барлық жұмыс толық аяқталды. Қазіргі уақытта Алакөл жағалауы шомылу маусымын қабылдауға толық дайын. 

Жазғы маусымда Алакөлге қосымша пойыздар қатынайды

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью