Шопандар зиянды еңбек жағдайында қызметін жүзеге асыратын тұлғалар тізбесіне енгізілмек

20.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

- Аграрлық сектордың тартымдылығын арттыру және еңбек өнімділігін өсіру мақсатында жүйелі шаралар кешені іске асырылып жатыр. Осы жылдың басында Мал шаруашылығын дамытудың 2026 – 2030 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Аталған жоспарда сала қызметкерлерін әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру бойынша шаралар қарастырылған, - деді вице-премьер.

Оны мәліметінше, жұмыс орындарын субсидиялау механизмін бақташылар мен шопандарға қолдану, кейіннен тиісті нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу мәселесі пысықталып жатыр. Сонымен қатар көшпелі мал шаруашылығында жұмыс істейтін аталған қызметкерлер санаттарын зиянды еңбек жағдайларында қызметін жүзеге асыратын тұлғалар тізбесіне қосу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

- Осылайша мал шаруашылығы қызметкерлерін әлеуметтік қолдауды күшейту және еңбегін ынталандыру бойынша шаралар практикалық іске асыру сатысында тұр, - деді Серік Жұманғарин.

Бұған дейін шопандардың балаларын әскерге шақыртуды кейінгі қалдыру ұсынысы жасалғанын жазған едік.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью