Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
— Жұмыс істеп жүрген бақташылар мен шопандардың балаларын әскери (мерзімді) қызметке шақыруды кейінгі қалдыру мәселесін қарастыру ұсынылады.
Сонымен қатар, әлеуметтік жағдайлар қалыптастыру бөлігінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп бақташылар мен шопандардың 55 жасқа толғанда арнайы әлеуметтік төлем алуы құқығын қамтамасыз ету мәселесі пысықталып жатыр.
Осы мақсатта Еңбек министрлігінің бұйрығына толықтыру енгізу ұсынылады, — деді А.
Бердалин Сенатта мал шаруашылығын дамыту перспективаларын талқылау кезінде.
Сенаттағы баспасөз мәслихатында тілшілер сұрағына жауап беру кезінде вице-министр бұл ұсыныс шопандардың балаларын мүлдем әскерге шақыртпауды білдірмейтінін нақтылады.
— Бұл тұрғыда шақырту мерзімін кейінге қалдыруды айтып отырмыз. Мәселен, елде әулетімен мал шаруашылығында жұмыс істеп жүргендер бар.
Олардың арасында жоғары нәтиже көрсетіп жатқандары да баршылық. Шаруашылықтағы қарбалас кезеңінде әкелеріне балаларының көмегі керек болады.