Шөптікөл бөгетіндегі қазіргі ахуал: Сабынды ауылында су тасқыны қаупі жойылды

06.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ақмола облысының Қорғалжын ауданында еріген қар суының келуіне байланысты Шөптікөл бөгетінің бұзылуы тіркелді. Оқиға орнына облыс әкімі Марат Ахметжанов пен Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков барды. Облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпанның жетекшілігімен жедел штаб құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазіргі таңда жақын маңдағы Сабынды ауылы үшін су басу қаупі толық жойылды. Елді мекендегі барлық нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Ақмола облысында Шөптікөл бөгеті бұзылды

Төтенше жағдай салдарын жою мақсатында жергілікті атқарушы органдар, ТЖМ күштері және тұрғындар жұмылдырылып, Астана – Қорғалжын республикалық автожолының жол жамылғысының деңгейін көтеру арқылы еріген суды дала аймағына бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Су тасқыны: Қазақстанның бірнеше өңірінде тасжолдарды су басты

Жұмысқа 56 техника мен 230-дан астам адам тартылған. Сондай-ақ 5 мың қап, 50 мың тонна инертті материал дайындалып, 800 метрге жуық қорғаныс үйіндісі төселді. Қазіргі жағдай тиісті қызметтердің тұрақты бақылауында.

Айта кетейік, Шөптікөл бөгетінің сыйымдылығы 4,71 млн текше метрді құрайды. Су айдынының аумағы 157 гектар, орташа тереңдігі шамамен 3 метр. Бұл нысан Астана – Қорғалжын автожолын су басудан қорғап, Шевченко және Балқаш тоғандарын сумен қамтамасыз етеді.

Қостанай облысында су тасқыны салдарынан жол жабылды

Соңғы жаңалықтар

«Алтын доп» – 2026 жүлдесіне үміткерлердің жаңартылған рейтингі жарияланды

Әлем • Бүгін, 12:05

Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан Моңғолия боксшысына есе жіберді

Бокс • Бүгін, 11:43

Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетті

Қоғам • Бүгін, 11:28

Алматы облысында әлемдік деңгейдегі кинопавильон салынып жатыр

Алматы • Бүгін, 11:23

АҚШ-та Ақ үй маңында атыс болды

Әлем • Бүгін, 11:15

Ақтауда жер сілкінуі мүмкін бе? ТЖД желіде тараған хабарламаға қатысты жауап берді

Аймақтар • Бүгін, 11:10

Түркістан облысында Сарыағаш айналма жолының құрылысы басталды

Аймақтар • Бүгін, 11:00

Алтын мен ақшаны қолды қылған: Алматы облысында 9 пәтерді тонаған ұрылар ұсталды

Заң • Бүгін, 10:59

Үкімет жаңа Конституцияны түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

Ата заң • Бүгін, 10:46

Алматыда жұрттың мазасын алған шетел азаматтары елден шығарылды

Алматы • Бүгін, 10:37

WTA рейтингі: Юлия Путинцева бірден 65 сатыға жоғарылады

Теннис • Бүгін, 10:30

АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс: Тараптар 45 күндік бітімге келуі мүмкін

Әлем • Бүгін, 10:20

«Қайрат» өз алаңында «Астананы» ірі есеппен жеңді

Футбол • Бүгін, 10:15

Ақмола облысында «Шөптікөл» бөгеті бұзылды

Аймақтар • Бүгін, 10:03

Қарағанды облысында 50 жұмысшы мінген автобус аударылды

Оқиға • Бүгін, 09:52

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью