Шора Сарыбаевтың 100 жылдығына орай ғылыми еңбек жарық көрді

19.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында академик Шора Сарыбаевтың 100 жылдығына орай жарық көрген еңбектер жинағы таныстырылып, «Ғалым. Ғұмыр. Ғибрат» атты ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жиын барысында «Қазақ тіл танымының өзекті мәселелері» қостомдығы мен «Ғалым. Ғылым. Ғибрат» жинағы көпшілік назарына ұсынылды. 

Еңбекте ғалымның диалектология, лексикология, тіл тарихы, грамматика, терминология, емле, стилистика және лингводидактика салаларындағы ғылыми мұрасы жүйеленген.

Сонымен қатар академиктің ұлы Қайрат Шораұлы Ш.Сарыбаевтың жеке кітапханасында сақталған тіл біліміне арналған сирек басылымдардың 1 000-ға жуық топтамасын Ұлттық академиялық кітапханаға сыйға тартты.

Естеріңізге сала кетейік, кітапханада 2021 жылы құрылған «Ш.Сарыбаев оқу залында» 5 мыңнан астам құнды әрі сирек кітап жинақталған. Бұл қор – ғылыми-зерттеушілер, студенттер және тіл, әдебиет, тарих саласындағы мамандар үшін құнды дереккөз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью