Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Ерлер арасында 500 метрге жүгіру сынында Денис Никиша және Абзал Әжғалиев жарыс жолына шықты.
Фото: Сәли СабыровБірінші топта Денис 40.562 секунд уақытымен мәреге үшінші жетті. Алайда, отандасымыз уақыт көрсеткіші жағынан жартылай финалға лайық деп танылды.
Ал Абзал төртінші топта өнер көрсетіп, соңғы айналымда қарсыластарына жол беріп, 41.594 секунд нәтижесімен келесі кезеңге өте алмады.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан жекелей сында жарыс жолын аяқтады.
Сондай-ақ, америкалық танымал рэпер Снуп Догг мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты құттықтады.