Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Миланда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында шорт-трекші Денис Никиша 500 метр қашықтықта жалпы есепте 7-ші орынға табан тіреді. Осы қашықтықта бақ сынаған тағы бір отандасымыз Абзал Әжіғалиев жарысты ширек финалда аяқтады, деп жазады Egemen.kz.
Фото: ТСМ
Денис Никиша B финалында 41,948 секунд көрсеткішін тіркеп, халықаралық деңгейде өзінің жаңа жеке рекордын орнатты.
Ол ширек финалда үшінші болып мәреге жетіп, уақыт көрсеткіші бойынша келесі кезеңге өтті. Ал жартылай финалда өте тығыз өткен жарыста төртінші орын алып, әлем чемпионаттарының жүлдегерлері мен Олимпиада чемпиондарынан бірнеше милисекундқа ғана артта қалды. Финалда Олимпиада чемпионы Шаоан Люге (Қытай) жол беріп, екінші орынмен аяқтады. Италияда өткен бәсеке Денис Никиша үшін мансабындағы төртінші Олимпиада болды.
Ал Абзал Әжіғалиев жарысты ширек финал кезеңінде қорытындылап, отандасымыз өз тобында бесінші болып келді.
Айта кетейік, Абзал Әжіғалив те қатарынан төрт Олимпиадаға қатысып, әлемнің ең мықты спринтерлерінің қатарында екендігін дәлелдеді.
Ол алдыңғы Олимпиадада жүлдеге бір қадам ғана жетпей, төртінші орын алған еді. Бұл нәтиже шорт-трек бойынша ел тарихындағы ең үздік көрсеткіштің бірі болып қала береді.
Ал бүгінгі жарыс күнінде мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина жүлдеге таласады.
Соңғы жаңалықтар
Көктайғақ, боран және аяз: Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:34
Қысқы Олимпиада: Бүгін мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина жүлдеге таласады
Қысқы спорт • Бүгін, 09:24
Ораза кезінде қандай тағамдарды шектеу керек?
Денсаулық • Бүгін, 09:13
Көпбалалы отбасыларға қамқорлық
Қоғам • Бүгін, 09:05
Балық өсіру – бәсі жоғары шаруашылық
Кәсіпкер • Бүгін, 09:00
Экономикалық аймақ іске кірісті
Экономика • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:50
Дін • Бүгін, 08:45
Мәдениет • Бүгін, 08:40
Өнер • Бүгін, 08:35
Жетісу облысында жаңа Конституция жобасы мен саяси жүйенің басты өзгерістері талқыланды
Ата заң • Бүгін, 08:33
Білім • Бүгін, 08:30
Тиімді сауда – тұрақты өсімге сеп
Саясат • Бүгін, 08:28
Тұлға • Бүгін, 08:25
Коалиция мүшелері Түркістан жұртшылығымен кездесті
Саясат • Бүгін, 08:22