Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Италияда өткен XXV қысқы Олимпиада шорт-трекші Абзал Әжіғалиевтің спорттық мансабындағы төртінші олимпиада болды. Жылдар бойы төртжылдықтың басты бәсекесінің іріктеулерінен іркілмей өтіп, ел намысын абыроймен қорғап келе жатқан спортшы Миланда 1000 метр, аралас эстафета және 500 метр қашықтықта бақ сынады, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Абзал Әжіғалиев XXV қысқы Олимпиада ойындарын қорытындылап, осы жолы жанкүйерлердің қолдауын ерекше сезінгенін жазды.
«Мен үшін бұл төртінші Олимпиадам. Биыл қолдауды ерекше сезіндім: әлеуметтік желілерде жазылған жылы пікірлерді көрдім, түн ұйқысын қиып, таңға дейін отырып жарыстарымды тамашалап, жанкүйер болғандарыңызды білемін. Спортшы үшін бұл баға жетпес сезім. Баршаңызға шын жүректен алғыс айтамын», деп жазды ол.
Сондай-ақ шорт-трекші Олимпиада жолында қолдау көрсеткен жандарға алғыс айтып, алдағы уақытта да өзі өнер көрсететін спорт түрін кеңінен насихаттауға күш салатынын жеткізді.
«Мен көп жылдар бойы еліміздегі шорт-тректің дамуына өз үлесімді қосуға тырыстым. Алдағы уақытта да осы спортты Қазақстанда кеңінен насихаттай беремін. Бұл менің миссиям әрі жүрек қалауым. Болашақта еліміз осы спорт түрінен ең мықты мемлекеттердің қатарында болғанын қалаймын. Осыған жету үшін барымды саламын», деді Абзал Әжіғалиев.
Қысқы Олимпиада: Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша ширек финалға өтті
Сөз соңында спортшы шорт-трекке деген қызығушылық бәсеңдеп қалмаса екен деген тілегін атап өтті.
«Сіздерге деген кішкентай ғана өтінішім бар: келесі Олимпиадаға дейін біздің спорт жайлы ұмытып кетпеңіздер. Алдымызда тағы төрт жыл, көптеген халықаралық жарыстар бар. Бәріне де қатысып, ел намысын абыроймен қорғауға тырысамыз. Командамызды қолдап жүріңіздер. Олимпиадада көргендеріңіздей, бұл – өте қызықты әрі тартысты спорт түрі», деп жазды шорт-трекші.
Соңғы жаңалықтар
Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Павлодарда көктайғақ салдарынан 150-ден астам адам жарақат алған
Оқиға • Кеше
Павлодарда автогаз бекеттерінің үштен бірінде заң бұзушылықтар тіркелген
Аймақтар • Кеше
Оралда тұңғыш рет қысқы спорт түрлерінен жалпыхалықтық фестиваль өтті
Аймақтар • Кеше
Интернет-алаяқтыққа қарсы нақты нәтиже: Жетісуда 600 мың теңге қайтарылды
Аймақтар • Кеше
Үздік ондық: қазақстандық спортшылар 2026 жылғы Олимпиадада үздіктер қатарынан көрінді
Олимпиада • Кеше
Қазақстанда автобустар жаңа Конституция жобасы туралы ақпарат тарату алаңына айналды
Ата заң • Кеше
Еліміздің спортшылары мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Кеше
Шымкентте саябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Астанада және еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ата заңда адам құқығына қандай артықшылық берілді?
Ата заң • Кеше
Қазақстанда 23 ақпанға дейін бірқатар жол учаскесі жабылды
Ауа райы • Кеше
Астанада құжатсыз тасымалданған ет өнімдері сатылмақ болған
Аймақтар • Кеше