Шошып оянады : Өскеменде 36 жастағы ер адам туған қызына зорлық көрсеткен

28.05.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 28 мамыр — Sputnik. Өскемен қаласының тұрғыны күйеуінің туған қызына сексуалдық сипаттағы әрекет жасағанын мәлімдеп, тергеудің әділ жүруін талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әділдік іздеген әйел әлеуметтік желіде видео жариялады. Айтуынша, оның күйеуі туған қызына сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған.

"Менің қызымның жасы - 2 жас 8 ай. Туған әкесі қызыма сексуалды сипаттағы зорлық әрекеттер жасаған. Тергеу жүріп жатыр. Үш ай өтті, менің баламның әлі күнге бәрі есінде, түнімен ұйықтамайды, шошып оянады. Мен әділдік іздеймін, өтінемін көмектесіңіздер", - деген әйел президенттен көмек сұрады.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті қыздың әкесі қамауда отыр дейді.

"Осы факт бойынша Өскемен қаласының полиция басқармасы қамауда отырған Шығыс Қазақстан облысының 36 жастағы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Қазіргі уақытта істің мән-жайын толық, объективті және жан-жақты зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - дейді полиция.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью