ШҚО әкімдігі Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы қауесетке жауап берді

13.02.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Желіде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Жағдайға қатысты өңірлік әкімдігі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Жағдайға қатысты өңірлік әкімдігі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдіктің жауабы

Біз бұл мәселе бойынша өңірлік әкімдікке пікір сұрап жүгіндік.

"Әкімдікте бұл лауазымды тұлғаға қатысты қандай да бір мәлімет жоқ. Желіде тарап жатқан ақпарат ресми дереккөзбен расталмаған. Ол денсаулық жағдайына байланысты уақытша демалыс алған", – деп хабарлады ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Редакция тілшісі шенеунікпен байланысуға тырысты, алайда ол қоңырауларымызға жауап берген жоқ.

Сонымен қатар, редакция жағдайға қатысты пікір алу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ресми сауал жолдады.

Жақсылық Омар туралы не белгілі?

1980 жылы 28 қыркүйекте Талдықорған облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген.

2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін;

2010 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін;

2018 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін бітірген.
Мансап
2001-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жетекші, бас маманы;

2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің маманы;

2007-2009 жылдары "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ ақпараттық және аналитикалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары және "Арна медиа" Ұлттық ақпараттық холдингі" бас менджері;

2009-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі;

2010-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы;

2011-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы;

2013-2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

2016-2018 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары;

2018-2024 жылдары Өскемен қаласының әкімі;

2024-04.04.2025 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңісшісі;

2025 жылғы сәуірден бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью