ШҚО әкімі: Алдымызда ел болашағына тікелей әсер ететін маңызды кезең тұр

11.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов жаңа Конституцияға қатысты өтетін жалпыұлттық референдум қарсаңында шығысқазақстандықтарға үндеу жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Алдымызда ел болашағына тікелей әсер ететін маңызды кезең тұр. Жаңа Ата заң жобасында «Әділетті Қазақстан» құндылығы, «Заң мен тәртіп» қағидаты, Отанымыздың демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ұғымдары айқын көрініс тапты», - деді облыс әкімі. 

Өз сөзінде ол осындай сәтте әрқайсымыздың асқан жауапкершілік танытып, дауыс беруіміздің маңыздылығын жеткізді.  

«Баршаңызды 15 наурызда, кемел келешегіміз айқындалатын тұста - республикалық референдумға қатысып, еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс беруге шақырамын!», - деді облыс әкімі.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью