ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға екі бап бойынша айып тағылды

19.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бүгін Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот процесі басталады. Бұл туралы сот кабинетіндегі құжатта жария етілді. 

— Жақсылық Омарға ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары (ірі мөлшердегі алаяқтық) және 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (ірі мөлшерде пара алу) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айыптар тағылып отыр, — делінген құжатта.

Еске салсақ, осыған дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны жайлы хабарлаған. 

Ал одан бұрын ШҚО әкімдігі аталған лауазымды тұлғаға қатысты пікір білдірген еді. Әкімдіктің мәліметінше, лауазымды тұлға денсаулығына байланысты уақытша еңбек демалысына шыққан.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью