ШҚО да 71 елді мекенде су тасқыны қаупі бар

19.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

ШҚО-да өзенде жарылыс жасылып, 12 мың шаршы метр мұз ұсақталды
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жарылыс жұмыстары Шемонаиха ауданының Убинка ауылы маңында жүргізілді.

— Профилактикалық жарылыс Үбе өзенінде жасалды. Соның нәтижесінде жалпы көлемі 12 000 шаршы метр мұз ұсақталды. Бұл мұздың кептелуінің алдын алуға және өзеннің су өткізу қабілетін жақсартуға мүмкіндік берді. Шығыс Қазақстандағы өзендерге тәулік бойғы мониторинг жүргізіліп келеді, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жалпы облыста 8,5 мың адам тұратын 71 елді мекенде су тасқыны қаупі бар.

Жол карталары, инженерлік жұмыстар жоспары және басқа да бағдарламалар шеңберінде жүргізілген су тасқынына қарсы іс-шаралардың нәтижесінде 16 елді мекенде су басу қаупі жойылды, 50 ауылда азайтылды, 5 елді мекенде әлі сақталып отыр.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-дағы 20 учаскеде мұз кептелуі мүмкіндігі жайлы жазғанбыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью