ШҚО да Аяз Ата мен Ақшақарлар фестивалі өтті

24.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Шығыс Қазақстан облысында Аяз ата Ақшақарлардың халықаралық фестивалі өтті. Елдің әр өңірінен және Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген қатысушылар жаңа жылдық киіммен Алтай тауының баурайында шаңғы тепті. 

Олар тік еңістер мен асулардан сырғанап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Шығыста бұл спорттық фестиваль екінші рет ұйымдастырылды. Қонақтар арасында Ұлытау облысының туристік тобы да болды. Олар Алтай баурайына дейін мың шақырымнан астам жол жүрген.

Думан Жанатұлы, фестивальге қатысушы:

- Ұлт ұясы Ұлытаудан осы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласына Аяз Ата мен Ақшақар фестиваліне екінші жыл қатараныан келіп отырмыз. Бұл дәстүрге айналған мереке тұрғындардың көңіл-күйлерін көтеріп, жаңа жылдық мереке сыйлайды. Ал құрметті көрермендер жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жылда жаңа табысқа жете беріңіз!

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью