ШҚО да биыл аңшыларға 700 ден астам қасқырды атуға рұқсат берілді

24.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Өңірде қасқыр санын реттеу мақсатында осы жылы 736 түз тағысын атуға рұқсат берілді. Бұл туралы облыстық аңшылар және балықшылар қоғамдық бірлестігінен мәлім етті.

– Аталған шара Шығыс Қазақстандағы ауылдық округтерде жыртқыштардың төрт түлікке шабу деректерін азайтуға және ахуалды тұрақтандыруға бағытталған. Қасқырды атуға рұқсаттар тиісті куәлігі бар, қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсаты рәсімделген аңшыларға ғана берілді. Рұқсаттардың қолданылу мерзімі – 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін, - делінген ақпаратта. 

Бүгінде облыстағы қасқыр саны 1 600-ден асады. Реттеу жұмыстары тек қолданыстағы заңнама мен аңшылық қағидаларына сәйкес жүргізілуі тиіс.

Еске салсақ, осыған дейін Абай облысында қасқырды байлап қойғандардың видеосына байланысты полиция тексеру жүргізгені хабарланған. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью