Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
ҰҚК Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Шығыс Қазақстан облысында екі шенеунік ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҰҚК Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Шығыс Қазақстан облысында екі шенеунік ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы пара алды және лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталған.
"Оның жол құрылыс компаниялары және автобус парктерінің өкілдерінен 134 млн теңге сомасында заңсыз сыйақы алғаны анықталды. Тінту барысында үйінен 121,9 млн теңге және 97,7 мың доллар тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, осы өңірдің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалған.
"Ол мұғалімдердің мемлекеттік аттестаттаудан өтуіне жәрдемдескені үшін жүйелі түрде қаражат алған. Сот санкциясымен бұл адамдар қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", - деді ҰҚК баспасөз қызметі өкілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться