ШҚО да гонконг тұмауын жұқтыру жағдайлары анықталды

16.11.2025

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, бұл жаңа вирусты жұқтырғандардың дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріліп, оңайлықпен түспейді. 

— Зертханалық мониторинг нәтижесінде облыста А/H2N3 типті тұмаудың, яғни «гонконг тұмауының» 5 фактісі анықталды. Бұл вирусты емдеу жалпы жедел респираторлық вирустық инфекцияларды емдеу тәртібімен бірдей жүргізіледі, — дейді департаменттің эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Әсем Халықова.

Өңірде эпидемиологиялық маусым басталғалы бергі бір жарым ай ішінде 41 мың ЖРВИ тіркелген. Науқастардың жартысынан астамы — 14 жасқа дейінгі балалар. Соған қарамастан, бұл көрсеткіш былтырғы 2024-2025 маусыммен салыстырғанда 10 пайызға төмен.

— Облыста тұмаудан бөлек риновирус, аденовирус және боковирус та тарап жатыр. Соңғы аптада ЖРВИ-мен сырқаттанғандар санының өскені байқалады, — дейді Ә.Халықова.

Еске салсақ, осыған дейін Алматыда тұмау жұқтырғандардың саны 15 мыңға жақындағаны хабарланған

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью