ШҚО да кәріз құдығына бірінен кейін бірі түскен қос жұмысшы өмірмен қош айтыса жаздады

20.08.2026

Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Молодежный" КМК-нің екі қызметкері Қасым Қайсенов елдімекенінде №11 үйдің маңында кәріз құбырларын тазалау жұмыстарын жүргізген. Жұмыс барысында ер адамдардың бірі кәріз құдығына түсіп, есінен танып қалған. Әріптесіне көмектеспек болған екінші жұмысшы да артынан түсіп, ол да есінен айырылған.

"Оқиғаны Ұлан ауданының криминалисі Асет Нағашбаев байқап қалған. Ол сол маңнан өтіп бара жатып, кәріз құдығы жанындағы адамдардың айқайын естіп, дереу учаскелік полиция инспекторына хабар берген. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Нұрдәулет Тетепов жетті. Әр секундтың маңызды екенін түсінген ол кідірместен арқан сұратып алып, онымен кәріз құдығына түскен. Өз өміріне төнген қауіпке қарамастан, полицей әрекетін тоқтатпады. Ол санаулы минут ішінде алдымен бір жұмысшыны, кейін екіншісін шығаруға көмектескен. Одан соң екі азамат жедел жәрдем бригадасына тапсырылды", делінген полиция хабарламасында.

Полиция капитаны Асет Нағашбаевтың қырағылығы мен полиция майоры Нұрдәулет Тетеповтің батыл әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды.

Бұған дейін Абай облысында полицейлер қансыраған баланы құтқарғанын жазғанбыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью