Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Белгілі болғандай, ЖШС-да азық-түлік қоймасында есепші-кассир болып жұмыс істеген әйел бірнеше айда компания кассасынан жалпы сомасы 10 844 549 теңгені жымқырған.
Шығыс Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, сот барысында айыпталушы кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін жеткізді. Әйелдің кәмелетке толмаған балаларының болуы жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде танылды.
- Сот үкімімен сотталушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабымен (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде иелену немесе ысырап ету) кінәлі деп танылды. Оған мүлкін тәркілей отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық талап қанағаттандырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, - делінген ақпаратта.
Еске салсақ, осыған дейін ArtSport бағдарламасы аясында 1,4 млн теңге жымқырған кәсіпкер сотталғанын жазған болатынбыз.