ШҚО да кене энцефалитіне қарсы 1300 гектардан астам аумақ өңделеді

19.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Өңір бойынша 7 сәуір мен 12 мамыр аралығында жүргізілетін дезинсекциялық жұмыстарға заманауи препараттар қолданылады. Іс-шараларды орындау үшін төрт арнайы бригада құрылған.

Бұл туралы Ұлттық сараптама орталығы ШҚО бойынша филиалы дезинфекция бөлімінің басшысы Гүлмира Әділбаева хабарлады.

– Жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты – қауіпті жұқпалы ауруларды тарататын кенелер мен кеміргіштердің санын азайту. Өңдеу жұмыстары аяқталғаннан кейін аумақтарға арнайы ескерту белгілері орнатылады. Өңделген аумақтарда уақытша мал мен құс жаймау қажет. Себебі қолданылатын препараттар оларға зиян келтіруі мүмкін, - деді ол.

Эпидемияға қарсы іс-шаралар Өскемен, Риддер қалаларын және Ұлан, Глубокое, Самар, Күршім, Марқакөл, Зайсан, Тарбағатай, Катонқарағай, Үлкен Нарын, Шемонаиха, Алтай аудандарын қамтиды. Қазіргі уақытта өңдеу жұмыстары Өскемен қаласы мен Ұлан ауданында толық аяқталған.

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстанда 100-ге жуық адамды кене шаққаны хабарланған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью