ШҚО да көкөніс бағасы бірнеше есе негізсіз көтерілгені анықталды

28.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Заң бұзу өңірге көкөніс жеткізетін негізгі орын «Дина» көтерме базарындағы электрондық шот-фактураларды талдау кезінде анықталып отыр.

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің шекті мөлшері сатып алу бағасының 15%-ынан аспауы тиіс. Алайда іс жүзінде бұл көрсеткіштің бірнеше есе артқаны белгілі болды.

Ең үлкен айырмашылық картоп бағасынан байқалған. Ақпан айында Абай облысында келісі 150 теңгеден сатып алынған өнім наурызда Өскеменде 250-280 теңгеден сатылған. Нәтижесінде нақты сауда үстемесі 70-86%-ға дейін жеткен.

Басқа өнімдерде де сатып алу мен бөлшек сауда бағасының арасындағы айтарлықтай айырмашылық тіркелді. Павлодар облысындағы өндірушілерден 170 теңгеге алынған сәбіз тұтынушыға 230 теңгеге сатылған. Ал қырыққабат 130 теңгеден сатып алынып, 200-220 теңгеге қойылған.

— Өнімдер кейін бөлшек сауда желілеріне түсіп, оларға қосымша сауда үстемесі қосылған. Соның салдарынан халық үшін түпкілікті баға едәуір қымбаттаған, — деп хабарлады ШҚО Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінен.

Анықталған фактілер бойынша материалдар Өңірлік комиссия отырысында қаралды. Енді жеке кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар сатылып жатқан өнімдердің бағасын төмендету туралы нұсқама беріледі.

Еске салсақ, осыған дейін бензин, дизель және автогаз бағалары қандай екендігін жазғанбыз

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью