ШҚО да мұз үстінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаған 70 тен астам адам жауапқа тартылды

22.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қыс басталғалы бері мамандар мұз айдындарына 1 500 рет рейдке шықты. 

– Соның нәтижесінде мұз үстінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаған 72 адам анықталып, жауапқа тартылды. Халыққа қауіпсіздік талаптары түсіндіріліп, жадынамалар таратылды, - делінген ақпаратта. 

Құтқарушылар халыққа мұздың жеткілікті деңгейде қалың екеніне сенімді болмаған жағдайда, оның үстімен жүрмеу қажеттігін ескертті. 

Мұз жағалауда берік болады. Оның қалыңдығы жағадан алыстаған сайынғы тереңдікте жұқарады. Мұздың беріктігі ауа температурасына да байланысты. Күндіз ол таңертең және кешкі уақыттағы сияқты берік болмайды.

Мұз үстімен жүрген кезде қалың қармен жабылған учаскелерді, су жылдам ағатын жерлерді айналып өту қажет.

Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысында құтқарушылар қар құрсауында қалған 12 адамды құтқарғаны жайлы хабарланған. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью