ШҚО да онкологиялық аурулардан болатын өлім жітім азайды

08.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ШҚО денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас онкологы Гүлмира Сагидуллина мәлімдеді.

Оның айтуынша, өлім-жітім көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 103,3-тен 95,1-ге дейін төмендеп, 7,9%-ға азайған. Сонымен қатар ерте диагностиканың үлесі 34,2%-дан 34,4%-ға дейін өскен.

– Бүгінде дәрігерлер жұмысының негізгі бағыты – аурудың алдын алу, скринингтік бағдарламаларды кеңейту және дертті ерте кезеңде анықтау. Өңірде халықпен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлініп келеді. Профилактикалық шаралардың маңызды бөлігі – ашық есік күндері. Жылдың алғашқы үш айында облыста осындай 3 іс-шара өткізіліп, соның аясында 2 850 адам тексеруден өтті, – деді ол.

Нәтижесінде 17 тұрғыннан қатерлі ісікке күдік анықталса, тағы 101 науқаста обырға дейінгі жағдайлар тіркелді. Барлық азамат мамандардың кеңес алып, қосымша тексерулерге жіберілді. 
Онкологтордың айтуынша, ауру неғұрлым ерте анықталса, толық сауығып кету мүмкіндігі соғұрлым жоғары.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда онкологиялық аурудың алдын алуға арналған қоспа әзірленіп жатқаны хабарланған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью