ШҚО да өзін оғаш ұстаған аю байқалды

17.07.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

ШҚО-ның Марқакөл ауданында Ақжайлау мен Ұрынқайық ауылдарының арасындағы тасжолға қоңыр аю шығып кетті. Жыртқыш түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Кадрлардан жануардың Ақжайлау – Теректі тасжолының бойымен адамдар мен көлікке еш агрессия танытпай, асықпай жүріп бара жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Tengri Life.

Не болды?

Жазба авторының айтуынша, аю бір орында ұзақ айналып, абдырап қалғандай көрінген.

"Ақжайлау - Теректі бағытындағы жолда қоңыр аю жүр. Не істерін білмей, бір орында мақсатсыз айналып жүрген сияқты. Бұл ыстықтан ба, әлде жануар ауырып қалды ма, ол жағы белгісіз. Сыртынан қарағанда, аю көмек сұрап тұрғандай әсер береді", - делінген жазбада.

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by “Біздің Өскемен” (@bizdin_oskemen)

Тағы бір видеодан аюдың мотоциклдердің жанында айналып жүргенін көруге болады. Кейінірек ролик авторлары әлсіреген жануардың жанына барып, кадрларға қарағанда, шаршаған жыртқышпен суретке түскен.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Публикация от Усть-Каменогорск | Новости 24/7 (@ilove.ukg)

Әкімдік не дейді?

Біз ШҚО Марқакөл ауданының әкімдігіне хабарластық. Ондағылар аюдың пайда болғаны туралы ақпаратты растады.

"2026 жылғы 16 шілдеде Ақжайлау мен Ұрынқайық ауылдарының арасындағы тасжолда аюдың пайда болуына байланысты қазіргі уақытта оқиға орнында Марқакөл орман шаруашылығы мен Марқакөл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Кейінірек аю таулы аймаққа қарай өз бетімен кетіп қалған.

"Қазіргі таңда аю таулы аймаққа қарай кетті. Сонымен қатар полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындар мен осы жол учаскесінде жүретін жүргізушілер арасында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп бөлісті ведомство.

Соңғы мәліметтер бойынша, жыртқыштың пайда болуы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Өңірде аюлардың адамдарға жақын келуі жиі кездеседі. Алайда мұндай кездесулер әрдайым тыныш аяқтала бермейді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью