ШҚО да полицейлер жолда демікпесі ұстаған әйелге шұғыл көмек көрсетті

11.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 11 қаңтарда «Өскемен-Самар» тасжолының 63-шақырымында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол жиегінде тоқтап тұрған автокөлікті байқаған. 

– Мән-жайды анықтау барысында көлікте отырған 60 жастағы әйелдің кенеттен денсаулығы сыр бергені белгілі болды. Оның демікпесі ұстап, тынысы тарылған. Жағдайды дереу бағамдаған полиция аға лейтенанты Аслан Тілеубаев пен полиция капитаны Дастан Дәуренұлы әйелді Асубұлақ ауылына дейін жедел ілесіп апарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды, - делінген ақпаратта.

Полицейлердің уақтылы әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында әйел адам медицина мамандарына жеткізіліп, қажетті көмекті дер кезінде алды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Шығыс Сақшылары (@eastkazpolice)

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да патрульдік полиция инсульт алған жүргізушіге көмек көрсеткені хабарланған. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью