ШҚО да қой ұрлағандар қылмыс үстінде қолға түсті

14.10.2026

Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Алдын ала мәлімет бойынша күдіктілер материалдық пайда табуды көздеп, ұрлық жасауға келіскен. Арнайы іс-шара барысында полицейлер Ұлан ауданы жағынан келе жатқан автокөлікті тоқтатқан. Көліктің жүксалғышынан тиісті құжаттарсыз тасымалданған екі бас ұсақ мал табылды.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерге келу туралы міндеттеме түріндегі процестік бұлтартпау шарасы қолданылды. Полиция мал ұрлығы қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатынын ескертеді. Мал иелеріне жануарлар мен оларды ұстау орындарының сенімді қорғалуын қамтамасыз ету қажет", делінген полиция хабарламасында.
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью