ШҚО да синтетикалық есірткі өндіретін зертхананың қызметі тоқтатылды

27.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жедел-іздестіру іс-шаралары мен тінту барысында заңсыз айналымнан зертханалық жабдықтар, 70 келі дайын синтетикалық «Альфа-PVP» өнімі, сондай-ақ шамамен 4 тонна химиялық реагенттер мен прекурсорлар тәркіленді.

— Тергеу барысында қылмыстық әрекеттің интернеттің көлеңкелі сегменті арқылы қашықтан жүргізілгені анықталды. Заңсыз айналымға шамамен 250 мың бір реттік доза жіберілмеді. Бұл — жүздеген адамның өмірін сақтап, азаматтардың, әсіресе жастардың денсаулығын қорғауға мүмкіндік берді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, — делінген хабарламада.

Есірткі өндірісін ұйымдастырушыларға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл — Ішкі істер министрлігінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Кез келген заңсыз әрекет қатаң түрде тоқтатылатын болады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью