ШҚО да соңғы үш жылда 117 орман және дала өрті тіркелген

10.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Өңірдің жалпы аумағы 9,7 млн гектарды құраса, оның 3 млн гектары орман қоры. Сондықтан өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету - экожүйені сақтау мен халық қауіпсіздігін қорғауда аса маңызды. 

Соңғы үш жылда өңірде жалпы аумағы 707 гектарды қамтыған 117 орман және дала өрті тіркелген. Өткен жылы 204 гектар аумақта 27 өрт болды. Биыл өрт қаупі жоғары кезең ресми түрде 13 сәуірден басталады.

- Қазіргі таңда облыста қажетті күштер мен құралдар жасақталған. Өрт сөндіру жұмыстарына шамамен 3,5 мың адам жұмылдырылуға әзір. Олардың қатарында ТЖД, орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметкерлері бар. Мыңға жуық техника, 5 мыңнан астам өрт сөндіру құралы және жағдайды бақылауға арналған 45 ұшқышсыз ұшу аппараты әзір, - деп хабарлады облыс әкімдігінен. 

Өрттерді ерте анықтау жүйесін дамыту аясында 9 орман шаруашылығында бақылау мұнараларын орнату үшін 90 нүкте белгіленді. Бұл жобаның болжамды құны - 13 млрд теңге. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жуырда басталмақ.

Айта кетейік, 8 сәуір күні Шығыс Қазақстанда биылғы алғашқы дала өрті тіркелді. 10 гектар аумаққа жайылған тілсіз жау дер кезінде оқшауланып, толықтай сөндірілген.

Еске салсақ, осыған дейін СҚО-да орман өрттерінің алдын алу шаралары күшейтілгені хабарланған.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью