ШҚО да үйлерге дабыл қондырғысы орнатылып жатыр

20.11.2025

24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Жылыту маусымы жақында басталса да Шығыс Қазақстан облысында 82 рет өрт болып, жеті адам көз жұмған. Төтенше жағдай қызметінің мамандары қазір үйлерді аралап, жылыту құрылғылары мен пештерді тексеріп жүр. 

Ақау анықталса өздері жөндеп те береді. Әсіресе әлеуметтік жағынан осал топтағы отбасылар басты назарда. Олардың үйіне арнайы дабыл қондырғысын орнатуда. Рейд басаталғалы 20 мың ауланы аралап, ақпараттық -түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Азамат Құмарбеков ТЖД басқармасының аға инженері:

- Бүгінгі акцияның мақсаты өрт оқиғалары мен адамдардың жарақат алу фактілерін азайту. Бүгін Глубокое ауданында әлеуметтік осал топқа жататын жылыту пештері жөнделіп, улы газ датчиктері орнатылып, жылыту пештері тазартылып жатыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью