ШҚО да заңсыз алтын өндіргендер сотталды

22.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Фото: istockphoto.com

Облыс прокуратурасының мәліметінше, прокуратура Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция және Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп жүргізген шаралар нәтижесінде бағалы металдарды заңсыз өндірген топтың қызметі тоқтатылды.

2025 жылдың маусым айында Үлкен және Кіші Шыбынды өзендерінің алқабында жүргізілген арнайы операция барысында заңсыз алтын өндіріп жатқан шетел азаматтары ұсталды. Оқиға орнынан арнайы техника, өндірістік жабдықтар, құрамында алтыны бар шикізат және қомақты қаражат тәркіленді.

Тергеу барысында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары мен Қытай Халық Республикасының азаматтары 2024-2025 жылдары Ұлан ауданындағы орман қоры аумағында заңсыз алтын өндіруді ұйымдастырғаны анықталды. Олардың әрекеті салдарынан табиғатқа да зиян келтірілген.

ШҚО-да заңсыз алтын өндірушілер ұсталды

Прокуратураның мәліметінше, сотта ұсынылған дәлелдерге сәйкес, қылмыстық топ заңсыз жолмен 15 келі алтын өндірген. Соның салдарынан мемлекетке 766 млн теңге көлемінде шығын келген.

2026 жылғы 21 шілдеде Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыларды аса ірі мөлшерде бағалы металдарды заңсыз өндіргені үшін кінәлі деп танып, оларды әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью