Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
«ҚАЖсервис» ЖШС-ның облыстық филиалының экс директоры жұмысқа орналастырған адамдар еңбек келісімшарттарында көрсетілген міндеттемелерді іс жүзінде атқармаған. Соған қарамастан оларға жалақы есептеліп, жұмыс уақыты табельдері мен қаржылық құжаттар лауазымды тұлғалар мен олардың туыстарының өтініштері бойынша бекітіліп отырған.
— Сотқа дейінгі тергеу барысында филиалдың бұрынғы директорының қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Қылмыстық іс сотқа жолданды. Сот шешімімен айыпталушыға 2 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, — деп хабарлады компаниядан.
Алайда прокуратураның апелляциялық шағымынан кейін Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы істі қарап, жаза мерзімін 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге дейін ұзартты. Бұдан бөлек, сотталушыдан 6,7 млн теңге көлемінде келтірілген материалдық залал өндірілді.
Еске салсақ, осыған дейін Алматыда ақпан айында 600-ден астам автокөлік экологиялық норманы бұзғаны хабарланған.