ШҚО да жасырын фитолаборатория анықталып, 1,5 келі есірткі тәркіленді

13.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері жасырын фитолаборатория ұйымдастырғандардың жолын кесті. Тыйым салынған өсімдіктерді өсіру фактісі жедел іздестіру іс-шаралары барысында белгілі болды.

— Өңірдің 53 жастағы тұрғынына тиесілі тұрғын үй мен іргелес аумақты санкцияланған тінту кезінде полицейлер фитолаборатория түрінде жұмыс істеген арнайы жабдықталған үй-жайды тапты. Онда арнайы жабдықтарды қолдана отырып, есірткі өсірілген, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.

Заңсыз айналымнан 28 түп өсімдік, өткір иісі бар өсімдік тектес зат салынған 18 полимерлі пакет, өсіруге арналған техникалық құралдар, атап айтқанда жарықдиодты шамдар, желдеткіштер және электронды таразылар тәркіленді.

Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы шамамен 1,5 келіні құрады.

Еске салсақ, осыған дейін Қостанай облысында интернет арқылы есірткі сатқан тұрғын ұсталғаны хабарланған. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью