24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Шығыс Қазақстан облысында балалар үйінің 39 тәрбиеленушісі баспана кезегінен заңсыз алынған. Бұл жағдайды прокурорлар анықтады.
Құзырлы орган өкілдері қоғам белсенділерімен бірге қала және аудан әкімдіктерінің деректерін тексеріп, бірқатар сәйкес-сіздікті тіркеді. Мысалы, баспанасы жоқ жетімдер, жалдамалы пәтерлерде тек уақытша тіркеуде тұрғаны үшін кезектен шығарылған. Сонымен қатар жаңа үйлерден берілетін пәтерлердің 10 пайызы ғана әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға бөлінген. Заң бойынша көрсеткіш 20 пайыз болуы тиіс. Қазір мәселе шешіліп, нотариалдық даулар да реттелді.
Сәуле Губашева, облыс прокурорының аға көмекшісі:
- Осы бағытта біз көптеген бұзушылықтарды анықтадық. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 39 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға тиісті баспаналары қайтарылды. Бұл жұмыстар биыл да жалғасады.