Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
ШҚО полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің бастығы Қарлығаш Жүсіпова фестиваль барысында көпшілік арасында жалғыз қалған екі жасар бүлдіршінді байқаған.
"Қорқып, абдырап тұрған сәбиді сабырға шақырған ол бірден ата-анасын іздестіруді ұйымдастырып, көп ұзамай бүлдіршін туған-туыстарына аман-есен табысталды. Осыған байланысты полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларды көпшілік жиналған орындарда қараусыз қалдырмауға шақырады. Адам көп ортада баланың көзден таса болуы әп-сәтте орын алуы мүмкін. Ал адасып қалған баланы көрген жағдайда немесе өз балаңызды таба алмай жатсаңыз, жақын маңдағы полиция қызметкеріне дереу хабарласу қажет. Мұндай жағдайда тәртіп сақшылары жедел көмек көрсетеді", делінген полиция хабарламасында.
Сурет: polisia.kz