Arasha.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы пара алды және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.
ҰҚК Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырып жатқандарын мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы пара алды және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталды. Оның жол құрылыс компаниялары және автобус парктерінің өкілдерінен 134 млн теңге сомасына заңсыз сыйақы алғаны анықталды», - деп хабарлады ҰҚК.
Тінту барысында тұрғын үйінен 121,9 млн теңге және 97,7 мың доллар тәркіленген.
Сондай-ақ осы өңірдің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Ол мұғалімдердің мемлекеттік аттестаттаудан өтуіне жәрдемдескені үшін жүйелі түрде ақшалай қаражат алған.
Сот санкциясымен көрсетілген адамдар қамауға алынды.