ШҚО да жыл басынан бері 49 мыңға жуық адам ЖРВИ жұқтырды

03.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, ЖРВИ жұқтырғандардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 28 394. Бұл жалпы ауырғандар үлесінің 58%-ын құрайды.

- Жүкті әйелдер арасында 200 жағдай, 1 жасқа дейінгі балаларда 852 жағдай тіркелген. Жыл басынан бері зертханалық жолмен расталған тұмау мен COVID-19 фактілері тіркелген жоқ, - делінген ақпаратта.

Басқа респираторлық вирустарға барлығы 265 сынама алынып, оның 51-інен бірқатар вирус бар екені анықталды.

- Шығыс Қазақстан облысында жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұмауға қарсы вакцинаның 75 мың дозасы сатып алынған. Қазіргі таңда өңір бойынша барлығы 77 048 адам егілді. Вакцина салдырғандар арасында асқыну фактілері тіркелмеді, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған дейін Алматыда 15 мың тұрғын ЖРВИ мен тұмау жұқтырғаны хабарланған. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью