ШҚО да жылыту маусымында өрттен 20 дан астам адам көз жұмды

05.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша жылыту маусымы басталғалы бері тұрғын үйлерде 287 өрт тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға артық.

– Өрт салдарынан 21 адам көз жұмып, 21 адам жарақат алды. Қайғылы жағдайлардың басым бөлігі өрт қауіпсіздігі талаптарының қарапайым ережелерінің сақталмауына байланысты, - дейді департамент бастығы Рашид Блялов.

Құтқарушылар үйлердегі өрттердің және адамдардың қаза болуының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды да қолға алған.

– Департамент қызметкерлері 91 000-нан астам үйді аралап, қауіпсіздік шаралары, пештер мен электр жабдықтарын пайдалану ережелерін түсіндірді. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтар тұратын, пешпен жылытылатын 2 763 үй бақылауда тұр. Оларды тексеру барысында 700-ден астам заңбұзушылық тіркелді, - дейді Р.Блялов.

Осы жылыту маусымында әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың үйлеріне улы газды анықтайтын 680 датчик орнатылған.

Жалпы соңғы 6 жылда 17 мыңнан астам осындай датчик орнатылды. Олар 45 адамның өмірін ажалдан арашалап қалды, оның ішінде 31 бала бар.

Еске салсақ, осыған дейін Семей тұрғыны «өрттен 18 адам қаза тапты» деген жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланғаны хабарланған. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью