ШҚО да зиянды еңбек жағдайлары үшін төлемақы 2 жылдан кейін төлене бастады

27.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бұл қолдау шарасы 2024 жылдан бастап енгізілген және зиянды еңбек жағдайында кемінде 84 ай жұмыс істеген азаматтарға арналған. Міндетті талап — осы еңбек өтілін зейнетақы аударымдары арқылы растау.

Алайда іс жүзінде бағдарламаны іске қосу оңайға соқпады. Барлық жұмысшы бірден еңбек өтілін дәлелдей алмады, ал жұмыс берушілер қажетті мәліметтерді әрдайым дұрыс рәсімдей бермеген. Соның салдарынан төлемдер біркелкі тағайындалмады.

— Бастапқы кезеңде шынымен де қиындықтар болды. Біз жұмыс берушілерге де, қызметкерлерге де түсіндіру жұмыстарын жүргіздік, еңбек өтілін растау тәртібін нақтыладық. Қазір механизм толық жолға қойылды, 2026 жылдан бастап жәрдемақы тұрақты түрде тағайындалып келеді, — деді әлеуметтік қорғау саласын реттеу және бақылау комитеті ШҚО бойынша департаментінің өкілі Риза Ахметова.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта жүйе іркіліссіз жұмыс істейді. Негізгі назар алдағы уақытта мұндай жағдайлардың қайталанбауына және жәрдемақыны алуға құқығы бар барлық азаматтың оған қол жеткізуін қамтамасыз етуге аударылып отыр.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да биыл заңсыз жұмыс істеген 180-нен астам шетелдік жауапқа тартылғаны хабарланған. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью