Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемен мен Катонқарағай аралығындағы Өмеш асуы арқылы өтетін жолдағы шектеу 5 қараша сағат 08:00-ден бастап күшіне енеді.
- Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Өскемен-Алтай- Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолының 46-66 шақырымындағы учаскесінде тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл шектеу қыстың соңына дейін сақталады, - делінген ақпаратта.
Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында қыста жол-көлік оқиғаларының саны артатыны хабарланған.