ШҚО тұрғындары 385 млн теңгенің көлік салығын төлемей жүр

27.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Өңір бойынша көліктерге салынатын салық бойынша халықтың берешек деңгейі әлі де жоғары. Бүгінде 6907 адамның өтелмеген қарыз көлемі 385,9 млн теңгені құрап отыр.

ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сайранхан Қабыштың айтуынша, қарыздың басым бөлігі 2024 жылдың қорытындысы бойынша қалыптасқан. 2025 жылдың 1 сәуірінен кейін берешек көлемі 840 млн теңгеге дейін жеткен. Қазіргі уақытта бұл салықтың жартысынан астамы жабылды.

— Берешекті азайту мақсатында салық органдары кешенді шаралар қабылдап жатыр. Атап айтқанда, белгіленген мерзімде салық міндеттемелері орындалмаған жағдайда салық төлеушілерге қарыз туралы хабарламалар жолданады. Ал мерзімі өткен жағдайда әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі, — деді ол. 

Еске салсақ, осыған дейін Астанада 60 мыңнан астам жүргізушінің көлік салығы бойынша берешегі бар екендігі туралы жазғанбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью