Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Бұл туралы ШҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Қуат Мұстафин мәлім етті.
Қайта есептеу инвестициялық бағдарламалар мен тарифтік сметалардың орындалуын тексеру нәтижесінде жүргізілген. Соның барысында бірқатар кәсіпорынның өз міндеттемелерін толық орындамағаны анықталды.
Қайтарылған қаражаттың басым бөлігі «Шығыс Жылу» АҚ-ға тиесілі (229 млн теңге). Сонымен қатар басқа ұйымдар бойынша да қайта есептеу жүргізілді: «Востокэнерго» ЖШС - 21 млн теңге, «Молодежный» ЖШС - 3,4 млн теңге, «Л-ТВК» ЖШС - 1,6 млн теңге қайтаруға міндеттелді. Тағы шамамен 2 млн теңге Зайсан, Күршім және Үлкен Нарын елді мекендерінің коммуналдық кәсіпорындары арқылы қайтарылмақ.
Сонымен қатар соңғы бір жылда департамент реттелетін қызмет көрсетушілерден түскен 227 өтінімді қарастырған. Оның 180-і мақұлданып, 47-сі кері қайтарылған немесе қабылданбаған.
Бақылау қорытындысы бойынша бес компанияға қатысты жалпы сомасы 61 млн теңгені құрайтын өтемдік тарифтер енгізілді.
- Табиғи монополия субъектісі инвестициялық міндеттемелерін орындамаған жағдайда бұл тарифке тікелей әсер етеді. Осындай жағдайларда халыққа қаражатты қайтару тетігі қолданылады, - деді Қуат Мұстафин.
Еске салсақ, осыған дейін Қызылорда облысында жылу беру маусымы аяқталғаны хабарланған.