Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Фото: Associated Press
Associated Press агенттігінің мәлімдеуінше, тұтқындар арасындағы зорлық-зомбылық 5 шілдеде басталған. Ал 6 шілде, дүйсенбі күні күзет қызметкерлері жағдайды бақылауға алмақ болған кезде қақтығыс күшейген. Кейбір сотталғандар қашуға әрекеттенгенімен, олардың жолы кесілген.
Өңірдегі басты мемлекеттік аурухананың өкілі жарақат алған 100-ден астам адамның ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді. Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы туралы ақпарат жарияланбаған.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Атырау облысындағы түзету мекемелерінің бірінде төбелестен кейін тұтқын көз жұмған.