Шу ауданында кәріз құдығындағы газдан екі адам қаза тапты

14.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Жамбыл облысы Шу ауданында кәріз құдығына жиналған улы газдан екі адам қаза тауып, тағы бір қызметкер ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қайғылы оқиға Шу қалалық ауруханасының аумағында болған. Куәгерлердің айтуынша, кәріз жүйесін жөндеуге түскен сантехник құдық ішінде тұншығып, көмекке шақырған. Оның дауысын естіген зертхана қызметкері әріптесін құтқармақ болып үш метр тереңдіктегі құдыққа түскен, алайда өзі де есінен танып қалған.

Кейін екі адамды құтқаруға ұмтылған тағы бір қызметкер де құдықтан өздігінен шыға алмай қалған. Оқиға салдарынан алғашқы екі адам көз жұмды. Ал үшінші болып құдыққа түскен сантехник аман қалып, жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазір оның жағдайын дәрігерлер бақылауда.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 4-бөлігі («Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Құндыз Бөгенбаеваның айтуынша, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жан-жақты әрі объективті тергеу жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью