Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Астанадан бірнеше шақырым жерде көпшілік біле бермейтін шағын ауыл орналасқан. Елорда тұрғындары мұнда не үшін арнайы келеді? Шұбар ауылы бізді несімен таңғалдырды? Tengrinews.kz тілшілері "Астана маңында" арнайы жобасы аясында осы ауылға барып қайтты.
Tengri AI ұсынған жаңалықтың қысқаша мазмұны Бұл ЖИ жазған мәтін
Шұбар ауылы (Ақмола облысы, Целиноград ауданы) Астананың шығысында, ірі тас жолдардан алыс орналасқан; халық саны — 669 адам, 181 аула бар. Тас жолдан бұрылғаннан кейінгі кіреберіс жолдың жағдайы нашар; әкімдік жөндеу жұмыстарын 2027 жылға жоспарлап отыр. Кіреберісте ескі автобус аялдамасы ауыстыру үшін бөлшектеліп жатыр. Коммуналдық инфрақұрылым: сумен жабдықтау 2021 жылы реконструкцияланған, газ бар; №318 қала маңындағы автобус (Астана — Аққайын — Шұбар) қатынайды. Білім беру: жаңа мектеп 2024 жылдың басында ашылды, 300 орынға есептелген, 230 бала оқиды; 50 орындық жекеменшік балабақша бар, 140 орындық мемлекеттік балабақша жобасы мақұлданды, құрылыс мерзімі әлі жарияланған жоқ. Денсаулық сақтау: фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істейді, оған 380 адам тіркелген. Экономика және тұрмыс: тұрғындардың бір бөлігі Астанада жұмыс істейді; ауылда мал мен құс ұстайды; дүкендер аз, кейбірі жабылған; келушілер қымыз бен саумал сатып алады. Даму және жылжымайтын мүлік: ЖТҚ (ИЖС) үшін учаскелер дайындалған, құрылыстың өсуі күтілуде; бағалар — үйлер 25 млн теңгеден, учаскелер 3–4 млн теңгеден басталады.
"Астана маңында" атты арнайы жобамызбен әлі таныс болмасаңыз, дәл қазір танысудың сәті түсіп тұр. Елордадан бір сағаттан аспайтын қашықта орналасқан елді мекендерді аралап, ірі қаладан тыс жерде халық қалай өмір сүретінін көрсетеміз. Бұған дейін Ақмол, Софиевка, Қызылсуат, Аршалы, Ыбырай Алтынсарин, Жібек жолы және Қызылжар ауылдарына бардық.
Анықтама: Бізді ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмысына қатысты барлық мәселе қызықтырады. Жолдардың жағдайы қандай, автобустар қатынай ма, мектеп, балабақша мен медициналық мекемелер жеткілікті ме? Жұмыс табуға бола ма, тұрғындар қайда демалып, бос уақытын қалай өткізеді? Ауылдың туристік әлеуетін де назардан тыс қалдырмаймыз. Сондай-ақ, үй мен жер учаскелерінің бағасын анықтаймыз. Бұл ақпарат елордадан көшуді ойлап жүрген оқырманымызға пайдалы болуы мүмкін.
Бұл жолы арнайы жоба аясында көпшілігіңіз алғаш рет естіп отырған ауылға баруды жөн көрдік. Бұл ауыл - Шұбар.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол
Шұбар Ақмола облысының Целиноград ауданында, елорданың шығыс жағында орналасқан. Бұған дейін барған елді мекендердің көбімен салыстырғанда, Шұбар ірі тасжолдың бойында жатқан жоқ. Сондықтан бұл жерге арнайы ат басын бұрмасаңыз, оның барын білмеуіңіз де мүмкін.
Шұбардан Астананың көрінісі. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол
Өкінішке қарай, күре жолдан бұрылғаннан кейінгі ауылға кіретін жолдың жағдайы өте нашар екенін айта кеткен жөн.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Жолдың кей жерлері шұрқ-тесік, жөндеуді қажет ететіні анық көрініп тұр. Аудандық әкімдік мәліметінше, жолды ретке келтіру жұмыстары келесі, яғни 2027 жылы жүзеге асуы мүмкін.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Шұбардың кіреберісінде бізді ерекше көрініс - жерде жатқан автобус аялдамасы қарсы алды. Басында аялдаманы қатты жел құлатқан шығар деп ойладық. Алайда кейін оны ауыстыру үшін әдейі жатқызып қойғанын білдік. Жақын арада бұл жерде жаңа аялдама орнатылады деп үміттенеміз.
Құлаған аялдама. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Шұбар - шағын ғана ауыл. Әкімдік мәліметінше, мұнда бар болғаны 669 адам тұрады, 181 аула бар.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Әкімшілік жағынан ауыл Қызылсуат ауылдық округіне қарайды.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Көшелердің бірінен Астананың өндірістік аймағы мен сол жағалаудағы зәулім ғимараттардың әсем көрінісі ашылады.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Шолуды коммуналдық инфрақұрылымнан бастаймыз. Әкімдік дерегі бойынша 2021 жылы мұнда сумен жабдықтау желілері қайта жаңартылған. Сонымен қатар, ауылда газ бар.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Білім беру саласына тоқталсақ, тұрғындар саны аз болғанына қарамастан, Шұбарда үлкен мектеп бар.
Шұбар ауылындағы мектеп. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Оның үстіне мектеп салыстырмалы түрде жаңа. Ол 2024 жылдың басында ашылған. Бұған дейін балалар 1962 жылы салынған ескі ғимаратта оқыған. Жаңа мектеп 300 оқушыға арналған, қазір мұнда 230 бала білім алады. Демек, Астана маңындағы көптеген елді мекеннен айырмашылығы сол - Шұбардағы мектепте орын тапшылығы жоқ.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Ауылда 50 орындық жекеменшік балабақша да бар. Қазір орындардың бәрі толы. Сонымен қатар, бірнеше жыл бұрын 140 орындық тағы бір мемлекеттік балабақша құрылысының жобасы әзірленген болатын. Ол тіпті мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын да алған. Бірақ құжаттар 2021 жылы әрі қарай іске асыруға берілгенімен, құрылыс қашан басталатыны туралы ақпарат әлі күнге дейін жоқ.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Денсаулық сақтау саласына келсек, Шұбарда фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істейді. Әкімдік мәліметінше, оған 380 адам тіркелген.
Фельдшерлік-акушерлік пункт. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Ауылдың көлік қатынасы да жақсы жолға қойылған. Мұнда Астананы көршілес Аққайың ауылымен байланыстыратын №318 қала маңындағы автобус қатынайды. Сондықтан Шұбарға жеке көлікпен ғана емес, қоғамдық көлікпен де жетуге болады.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Жергілікті тұрғындардың көбі қалада жұмыс істейді. Дегенмен ауылдың өзінде де шаруашылықпен айналысатындар бар, олар мал мен құс ұстайды.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Мұнда көңіл көтеретін орындар көп емес. Шұбар - шағын ауыл, сондықтан дәмхана, мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтарының сан түрін күту орынсыз болар еді. Дегенмен тамақтанатын орын табылады.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Жұмыс істеп тұрған дүкендерді саусақпен санап алуға болады. Қалғандары сыртқы түріне қарағанда, әлдеқашан жабылып қалған сияқты.
Жабылып қалған дүкен. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Ал туристік нысандарға келсек, Шұбарда музей де, туристерге арналған арнайы орындар да жоқ. Есесіне, мұнда басқа елді мекендерден тұрғындар қымыз бен саумал сатып алуға жиі келетінін білдік. Демек, елорда тұрғындары Шұбарға арнайы келуіне себеп бар. Ауылға кіріп жатқан көліктер көп екенін өзіміз де байқадық. Қоршауларда қымыз сатылатыны туралы хабарландырулар ілінген.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Шұбарды аралау барысында әдеттегідей жергілікті тұрғындармен тілдесуге тырыстық. Олардың мұндағы тұрмыс-тіршілігі қаншалық жайлы екенін, қандай мәселелер толғандыратынын және ауылда не жетіспейтінін білгіміз келді. Алайда бұл жолы ауыл тұрғындарын сөзге тарту оңай болған жоқ.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Бірнеше рет ауыл тұрғындарына тіл қатып көрдік, бірақ олардың көбі сұхбат беруден бас тартты. Бірі камерадан қысылса, енді бірі түсірілімге қатысқысы келмеді. Ал кейбірінің әңгімелесуге құлқы болмады. Дегенмен бір тұрғынды сұхбат беруге көндірдік. Таныс болыңыздар, Сәния Әлімбаева.
Сәния Әлімбаева. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Ол көп жыл Шұбарда медбике болып жұмыс істеген. Зейнетке шыққан соң үйде қол қусырып отырғысы келмей, мектептің киім ілетін бөлмесіне жұмысқа орналасқан. Оның айтуынша, үйде іші пысады, ал мұнда жұмысы да бар, адамдармен де араласады.
"Жарық бар, автобус қатынайды, ауылдың ішіне түгел асфальт төселген, газ тартылған, ауылымызда барлық жағдай жасалған. Меніңше, қалаға қарағанда ауылда тұрған жақсырақ. Тауық, қаз, қой асыраймыз. Біз мұнда 97-ші жылы көшіп келгенде, көбіне немістер тұратын. Бірақ олар сол кезде Германияға көшіп жатқан еді. Қазір де бізде әртүрлі ұлт өкілі тұрады, біз бөлінбейміз, бәріміз тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Бір-бірімізге көмектесеміз", - дейді ол.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Google Maps сервисіндегі спутниктен түсірілген суреттер арқылы Шұбарды зерттегенде, инженерлік желілері тартылып, құрылысқа дайындалғандай көрінетін жер учаскелерін байқадық.
Google Maps суреті
Әкімдіктегілер бұл жерлер жеке тұрғын үй құрылысына бөлінгенін растады. Құжаттарын рәсімдегеннен кейін жер иелері үй салуға кірісе алады. Демек, алдағы уақытта Шұбар ауылының аумағы кеңейе түсуі мүмкін.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Соңғы тоқталатын мәселе - жылжымайтын мүлік бағасы. Репортажымызды оқығаннан кейін Шұбардан үй немесе жер сатып алуды ойласаңыз, бағасын да айта кетейік. Мұнда үйлердің бағасы 25 миллион теңгеден, ал жер телімдерінің бағасы шамамен 3-4 миллион теңгеден басталады.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Қорыта айтқанда, "Астана маңында" арнайы жобасы аясында елордаға жақын орналасқан елді мекендердің тыныс-тіршілігін баяндауды жалғастырамыз. Ауылдардың артықшылықтары мен түйткілді мәселелерін көрсетеміз, бірақ қай жерде өмір сүру жақсы екеніне төрелік етпейміз. Ең үздік ауылды оқырмандарымыз бен көрермендеріміз өздері таңдайды. Сондықтан жаңа материалдарымызды жіберіп алмаңыздар.
Мәтін: Иван Сухоруков
Дайындаған: Жансая Қадыржанова
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу