Щучинск тұрғыны сотқа жалған ақпарат бергені үшін бас бостандығынан айырылды

19.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Прокурордың өтінішхаты негізінде сот жеке қаулы шығарып, Қылмыстық кодекстің 420-бабы (көрінеу жалған айғақ беру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Алғашында сот оған бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаған. Алайда прокуратураның апелляциялық өтінішхаты негізінде сотталған адамның жеке басы және оның бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғаны ескеріліп, облыстық сот жазаны өзгертіп, оны ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

«Прокуратура сотта немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында көрінеу жалған айғақ беру қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады», делінген ақпаратта.

Желіде жалған ақпарат таратқан әйелге 778 мың теңге айыппұл салынды

Бұған дейін Бас прокуратура азаматтарды, әсіресе онлайн кеңістікте, заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью